Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші мәрте ата-ана атанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аша өзінің екінші рет ана атанғаны туралы Instagram-парақшасында жазып, сүйінші сұрады.
"Сүйінші!!! Алланың қалауымен қазақ еліне + тағы бір қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Арман екеуіміз тағы да ата-ана атанды. Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын. Құттықтауларыңызға алдын-ала алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары, Арман мен Ашаның тыңдармандары, өнердегі аға-әпкелері олардың қуанышына ортақтасып, ақжарма тілектерін жаудыруда.
"Ашажан, құттықтаймыз! Өте қуаныштымыз, өмірлеріңнің осындай тәтті сәттері көп болсын", деп жазды Баян Нұрмышева.
"Машалла, құттықтаймыз", - деді Қарақат Әбілдина.
"Ураа. Бауы берік болсыыыын", - деді Альбина Шардарова.
"Керемет. Періштелеріңнің бауы берік болсын", - деді Айдай Исаева.
"Құтықтаймыыыыыыын!", - дейді Жазира Байырбекова.
Аша өмірге қыз алып келді. Сәби осы отбасының екінші қызы. Тұңғыш қызының есімі - Асылым.