Кезінде дәстүрлі әндер айтып, "Қоңыр" тобындағы ағаларымен бірге өнер көрсеткен әнші Жазира Қошанова артынан желдей ескен өсектердің тарауына себеп болған жағдайларды айтып, әлі қыз екендігін дүйім жұрт алдында жайып салды. Бұл туралы ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатысқан кезде айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі кезде әншіліктен бөлек, модельдік бизнеске бет бұрған ұзын бойлы ару "тұрмысқа шығыпты", "ажырасып кетіпті" деген жұрттың дақпырт әңгімесіне жауап берді.
"Бірі ажырастырып, бірі қосып жатты. Қазір, Құдай сақтасын, тұрмыста емеспін. Құдай сақтасын деппін-ау!? (Осы тұста күліп жіберді). Тұрмысқа шыққан жақсы ғой, бірақ ажырасқаннан Құдай сақтасын! Сөздің шыны керек, әлі етегім көтерілмеген адаммын. Әлеуметтік желілерде "сен анадан қалғансың, сен мынадайсың" деп түрлі ұят сөздер жазады. Сондай кісілерге айтарым, адамды танымай жатып, сыртынан балағат сөз айтудың қажеті жоқ", - дей келе, әнші әрі модель көпшіліктің өзіне жаққан қара күйесін "Әлі етегім көтерілмеген" деген бірауыз сөзімен жуып-шайды.