$ 448.15  483.46  4.86

Танымал актердің мәйіті өз үйінен табылды

11 қаңтарда қайғылы жағдайда жоғалтып алдық.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Америкалық актер, сценарист әрі режиссер Стэн Кирш Лос-Анджелестегі үйінен өлі күйінде табылды. Алдын-ала болжам бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Fox News. Актердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның жары Кристин Грин растады, деп жазады Хабар 24.

Фото: filmpro.ru

 «Қымбатты достар, біз Стэн Киршті 11 қаңтарда қайғылы жағдайда жоғалтып алдық. Осындай қиын-қыстау кезеңде бізге түсіністік танытып, құрметтегендеріңіз үшін рақмет», - деп жазды жары актердің facebook парақшасында. 

Актер Нью-Йоркте дүниеге келген. Төрт жасынан бастап телевизиялық жарнамаларға түскен. Ол 52 жасында қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары