Мәдениет & Шоубиз 16.01.2020 сағат 02:30

«Қаржылық жағдайы нашар»: Бесбаев әкімнің кеңесшілігі мен одақ төрағалығын қатар алып жүрмек

«Бүгін өнерде жүрген барша әріптестерім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан орындаушылар одағының (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады», - дейді ол.
«Қаржылық жағдайы нашар»: Бесбаев әкімнің кеңесшілігі мен одақ төрағалығын қатар алып жүрмек
фото: kapital.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еліміздегі өнер өкілдерінің ұсынысымен Мейрамбек Бесбаев «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару жөніндегі қоғамның» төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің өзі бұл жаңа қызметі туралы Instagram парақшасына көлемді пост жазып, өзіне сенім артқан әріптестеріне алғысын білдірді.

«Қадірлі бауырлар! Құрметті әріптестер, достар! Өздеріңізбен бөлісетін маңызды жаңалығым бар. Бүгін өнерде жүрген барша әріптестерім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан орындаушылар одағының (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады.

Біраз жұрт біледі, қазіргі таңда бұл қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашар, біраз құрылымдардың алдында қарызы бар, әншілер мен ән өндеушілердің алдында беделі де төмендеп кеткен. Бірлестік тарихындағы осындай ауыр кезеңінде әріптес-достарым мені басшы қып сайлап отырғаны – маған сенгенінен деп қабылдап отырмын.

Әрине, мұндай ұйымға жетекшілік ету маған үлкен жауапкершілік артатынын мен жан-дүниеммен жақсы сезініп әрі түсініп отырмын. Мен ешқашан басшылық қызметке ұмтылған адам емеспін. Мұны бір сахнада жүрген әріптестерім мен қадірлі тыңдармандарым да жақсы біледі. Менің мақсатым – ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғап, тиісті шаруаларын шешу боп отыр.

Маған сенім білдірген әріптестеріме мың алғыс айта отырып, болашақтың алдында жүзіміз жарық болу үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырамын! Бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ, шешілмейтін мәселе жоқ. Сол себептен, қазақ өнерінің дамуы үшін тізе қосып, бірлесе қызмет етейік демекпін» деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, Мейрамбек Бесбаев былтыр Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кіріскен болатын. Енді оған ән айтудан бөлек, одақ төрағалығы қызметі қосылып отыр. Әрине, оған эстрада өкілдері қолдау танытып, жазба астына жүрекжарды тілектерін жаудыруда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар