$ 494.87  520.65  4.91

«Жасым болса 18-де емес»: осы жылы қалыңдық пен күйеу жігіт атанатын жұлдыздар кімдер? (ВИДЕО)

Мұнымен өнер иелері арасында басы бос бикештер мен сүрбойдақ серілер саны азаймайды.

Кинопродюсер Құралай Анарбекова жүрегін жаулаған жігітінің барын әрі ақ босаға аттауға әзірленіп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Shownews.kz.

Былтыр отандық шоу-бизнесте отау құрған бойдақтар мен ұзатылған сылқымдар саны аз болмады. Алайда әлі де ақ босаға аттамаған бикештер  мен шаңырақ көтермеген жігіттер жетерлік. Мәселен Кентал биыл да  сүрбойдақтар көшін бастап тұр. Әйтсе де өнер иесін жалғыздық жабырқатса керек, жақында жағымды жаңалығымен бөлісіп, көптен сүйінші сұрады.

«Өткен жыл маған болашақ жарымды сыйлады. Бұйырса 2020-да үйленемін», – деді Кентал.

2019 жылы қатарынан қос фильмді қалың көпшілікке ұсынып, жемісті еңбек ете білген Құралай Анарбекова да оң жақта отырып қалғанына қынжылады. Талайдың арманына айналған ару, жеке өміріне салғырт қарағанын жасырмайды. Енді бикеш биыл бір басын екеу қылу үшін білек сыбана кірісемін деп отыр. Оның үстіне арудың жүрегін жаулаған жігіт те бар. Бізге мәлімі сүйгені шоу-бизнестен емес.

«Басым бос емес. Осы алдағы жарты жылдың арасында өзімнің жеке өмірімді бір қалыпқа келтіремін деген ойдамын. Шамалы демалып алайын, сосын көреміз», – деп қысқа қайырды Құралай Анарбекова.

Иә, 2020 жылы отандық жұлдыздардың тағы бір легі қалыңдық пен күйеужігіт атанудың қамына кіріссе, өнер иелерінің бірқатары әлі күнге өз теңін тауып үлгермеген.

«Менің ата-анам түсіністікпен қарайды. Қалағаның болсын дейді. Әрине, мен қыз бала болғаннан кейін анам тұрмысқа шық дегендей аздап қобалжиды. Жасым болса 18-де емес. Бірақ осы уақытқа дейін сүйеу болар жан тапқан жоқпын», – дейді әнші Айша Байбосынова.

Бикештің болашақ жарына қояр талабы да жоғары емес. Тіпті әлеуметтік жағдайы да қызықтырмайды. Ең бастысы, Айшаны алақанында ұстап, шынайы сезімін сыйласа жеткілікті.

«Сіздер мені бай, олигарх іздеп жүр екен деп ойламаңыздар. Тек өзімнің жүрегіме жақын адамды кезіктірмедім. Ол мені, мен оны жақсы көру керекпін. Сондықтан  шынайы махаббат іздеп жүрмін», – дейді Байбосынова.

Мұнымен өнер иелері арасында басы бос бикештер мен сүрбойдақ серілер саны азаймайды. Мәселен Әли Оқапов өнер иесінің жары болу оңай еместігін алға тартса, Әлішер Кәрімов әлі күнге шаңырақ көтеруге асықпайды. Ал Диас Аблаев жанұялы болудан қашпайды. Тек сүйіктісін жолықтырса болғаны.

«Шын ғашық болған күні шаңырақ көтеремін. Себебі мен көпшіліктің ойымен жүретін адам емеспін. Мәселен осы жасқа дейін үйленуің керек деген пікірлерге қарамаймын. Мен үшін неке біреу және мәңгілік болу керек», – дейді Диас Аблаев.

Сондай-ақ, актриса Жәния Джуринская бір тойымның болары сөзсіз менің деп ұрандатса, Анар Батырханова 2020 да  ақ келін атанатынын айтқан еді. Ал Гүлназ Жоланова өз жартымды кезіктірдім деп жарияға жар салса, Мақпал Исабекова жеке өмірі жайлы жақ ашпай, ат тоңын ала қашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары