$ 486.44  534.31  5.06

Қазақ-жапон режиссерлары түсірген барымташылар туралы фильм көрерменге жол тартты

Аталған кинотуынды төрт түліктің төресі жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын аяусыз өлтіреді.

Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Жапонияда прокатқа шықты. Туындыны қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапон режиссері Лиза Такэба түсірді, деп жазады «Айқын» газеті.

Осыған орай, Токионың «Синдзюку Синема» кинотеатрында фильмнің салтанатты көрсетілімі өтті. Жапондық көрермендерге бұл туындыны басты рөлдердің бірін сомдаған актер Мирай Морияма және картинаның тең режиссері Лиза Такэба таныстырды.

«Фильмді Қазақстанның көркем жерлерінде түсірдік. Бұл елдің табиғаты мені қатты таң қалдырды. Біздің көрермендер осы әсем табиғатты көре алатындарына өте қуаныштымын. Түсірілім алаңы үлкен қалалардан алыс жерде болғандықтан, бәрі де оңай болды деп айта алмаймын. Алайда, сол күндерді сағынышпен еске аламын.

Қазақстандық киногерлер жоғарғы деңгейде жұмыстарын атқарды. Осы рөл маған бұйырғанына өзімді бақытты санаймын. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибие болды. Қазақстанға тағы да барып, достарымды көріп қайтсам жақсы болар еді», – деді актер Мирай Морияма Токиодағы көрсетілімде.

Кинотуынды Токио, Йокогама, Осака, Киото сынды Жапонияның басқа да қалаларында прокатқа шығады.

Еске сала кетсек, «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмінің жапондық премьерасы Халықаралық Токио кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Сондай-ақ, бұл картина Оңтүстік Кореядағы Халықаралық Бусан кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетілді.

Фильмнің өндірісін Қазақстан тарапынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, ал Жапония тарапынан – «Tokyo New Cinema» компаниясы жүзеге асырып отыр.

Аталған кинотуынды төрт түліктің төресі жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын аяусыз өлтіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары