$ 494.87  520.65  4.91

«Былғанып қалдың ба?»: Ермек Тұрсынов ел күтпеген мәлімдеме жасады

КВН-да ойнағандай бәрі кино түсіргіш болды.

Кино саласында қолтаңбасы қалыптасқан танымал режиссер Ермек Тұрсынов көптен күткен "Шырақшы" туындысының тұсауын кесті. Жаңа киноның әлемдік тұсаукесері "Шанхай" халықаралық кинофестивалі аясында өткен болатын. Фильм желісі соғыстан аман келген сарбаздың оқиғасын көрсетеді.

Көркемфильмнің тұсаукесері барысында режиссер өз киносына қандай адамдарды таңдап алатынын меңзеп, өз картинасына "бүлінген" әртістерді жолатпайтынын айтып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы,"Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сценарийге де, кинода ойнайтын әртістерге де қояр талабы таудай режиссер сапалы дүниелерді жасағанды жөн санайды. Сондықтан кастинг өткізгенде қоятын өзіндік талабы бар.
 
"Мен кастинг басталғанда ең басты нәрсе осы. Сен біздің киноларға қатыстың ба, арзан киноларға түстің бе? Былғанып қалдың ба? Онда маған өте алмайсың. Қазір шығып жатқан арзан кинолар, комедия дейміз. Ол комедия емес, бұл кино деп те ауыз толтырып айта алмайсыз, бұл мазақ. КВН-да ойнағандай бәрі кино түсіргіш болды, той-бизнесте жүргендердің бәрі кино түсіргіш болды. Сондықтан осы шығып жатқан кинолардың 90 пайызын мен кино деп айта алмаймын. Киногерсымақтардың туындыларын 5 минуттан артық көре алмаймын» - деп кино түсіріп әбігерленіп жүргендерге көңілі толмайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары