$ 444.32  473.33  4.76

Миллионер қазақтың мерейтойын ресейлік шоумен Иван Ургант жүргізді

Айтулы іс-шараға еліміздің бизнес элитасы мен танымалдары жиналған. Кештің музыкалық қонағы ретінде ресейлік әнші әрі музыкант Валерий Сюткин келген.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Танымал ресейлік шоумен әрі тележүргізуші Иван Ургант Forbes Kazakhstan тізіміне енген қазақстандық медиаменеджер Арманжан Байтасовтың 50 жасын жүргізді, деп хабарлайды NUR.KZ.

10 қаңтарда еліміздің ең беделді кәсіпкерлерінің бірі Арманжан Байтасов мерейтойын атап өтті. «Қазақстан Медиа Альянсының» басшысы 50 жасқа толған. Туған күн The Ritz Carlton Almaty қонақ үйінде тойланған.

Айтулы іс-шараға еліміздің бизнес элитасы мен танымалдары жиналған. Кештің музыкалық қонағы ретінде ресейлік әнші әрі музыкант Валерий Сюткин келген.

Одан бөлек, қонақтар арасында композитор Еркеш Шакеев, Олжас Сүлейменовтің қызы Мәдина Сүлейменова, бизнес ханымы Виктория Момынбаева, сондай-ақ, бірнеше танымалдар да бар.

Ал кештің тізгінін Дәуіт Шайхисламов, Нұрлан Қоянбаев және ресейлік шоумен Иван Ургант ұстаған. Мерекеге келген қонақтар салтанатты кештің фото-видеоларымен Instagram парақшаларында бөліскен.

«Кеше менің туған күнімде жүргізуші болған достарыма алғыс айтқым келеді. Бұл тамаша, көңілді, интеллектуалды, жайлы, жылы кеш болды» деп жазған Арманжан Байтасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары