Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева тағы да жұрттың назарын өзіне аударды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«КешYOU» тобының экс-әншісі өзін туған күнімен ерекше құттықтап, Instagram-парақшасына сексуалды суретін жариялады.
Бүгін Кәмшат Жолдыбаева 32 жасқа келді.
Оның соңғы жүктеген суреті желі қолданушыларын елең еткізбей қоймады. Өйткені ол суретте төсекте жартылай жалаңаш отырғанымен қоймай, торттың үстіндегі жемісті әсерлі жеп отыр.
"Тілімнің ұшында Карамель", "Отырған қыз орнын табады" деген сурет", "Қандай тәтті торт", "Басқаша жеу ойыңа келмеді ме?", "Бұйырса оранған суретіңді көрейік", "Қазаққа жат нәрсе мына суретің, ұялсай, тәте", "Ыңғайсыз отырсың", - деп жақтырмаған пікір қалдырды олар.
Басым көпшілігі шоу-бизнес өкілін туған күнімен құттықтады.