$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы ұшақ апатын бейнебаянына арқау еткен Нұрболат Абдуллин жұртты жылатты (ВИДЕО)

Сценарий желісі бойынша отағасы Нұр-Сұлтанға жолға шығады.

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин ұшақ апатынан қайтыс болғандардың рухына арнап бейнебаян шығарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сүйемін" деп аталатын бейнебаянда режиссер бір-бірінен айрылып қала жаздаған ерлі-зайыптылардың өмірін бейнелейді. 

Сценарий желісі бойынша отағасы Нұр-Сұлтанға жолға шығады. Жолдасы мінетін ұшақтың апатқа ұшырағанын естіген келіншек есін жоғалта жаздайды. 

Сүйіктісін барлық ауруханадан жан ұшыра іздеген әйел оны мүлде таба алмайды. Үмітін үзе бастаған әйелге кенеттен "Мен Нұр-Сұлтанға қондым" деген хабарлама келеді. 

Бейнебаянды көрген желі қолданушылары көзіне еріксіз жас алғандарын жасырмады. Олар бейнебаян астына оң пікірлерін жаудырды.

"Жүректі езетін лирикалық, тамаша ән екен", "Мен жыладым, жүрекке тиді", "Нағыз жүректі тербейтін ән", "Өнеріңіз шарықтай берсін", "Сізге той әндерінен гөрі, осындай лирикалық туындылар жарасады", "Аса актуалды тақырыпты көтеріпсіз, жарайсыз", "Үлкен тәрбиелік мәні бар туынды", - деп жазды олар.

Айта кетсек, Нұрболат Абдуллиннің бейнебаянында басты рөлдерді танымал ерлі-зайыпты актерлар Рүстем мен Жанар Жанамановтар сомдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары