Баян Алагөзова қазақ аруларын тағы іріктеуден өткізді. "Қазақ аруы" байқауы қанша тұрады. Оған таныс арқылы жететіндер бар ма? Бұл туралы продюсердің өзі баяндады, деп жазады Shownews.kz.
Продюсердің айтуынша, іріктеуден өту үшін тамыр-танысына хабарласып, не қомақты ақша ұсынатындар да көп. Алайда Алагөзова оның ешнәрсе шешпейтінін айтады.
"Орын қанша тұрады? деп хабарласатындар, таныстарын ортаға салатындар бар. Алайда орын ақшаға сатылмайды. Бұл ең әділетті байқау. Сондықтан ең үздік қазақ аруы жеңіске жетеді", - деді ол.
Баян Мақсатқызы байқау іріктемесінен өте алмай қалған кейбір қыздарды «KeshYou» резервте ұстайды.
Іріктеуден өту үшін бойжеткен бойшаң, арықша денелі, әсем даусы, келісті түр-келбеті болу керек. Алайда егер Баян Мақсатқызына ұнап қалып жатса, бұл талаптар да қатаң сақталмайтын көрінеді. Продюсер, әсіресе, арулардың вокалдық жағына мән береді.