Жазира Байырбекова алғаш рет қызы туралы ашық айтты. Жұлдызды ана шығармашылығындағы жаңалықтарымен де бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz.
Араға жиырма екі жыл салып, кестегерін қолына алған Жазира Байырбекованы бүгінде бала тәрбиесі көбірек толғандырып жүр. Жас ана кішкентай ханшайымын әу баста әлди әнімен тербетіп, бесікке бөлеуді мақсат тұтқан. Алайда заманауи медицина, қазақы салттың сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізетінін алға тартқан. Осы мәселеде шешімін таппаған әнші, тыңдармандарының көмегіне жүгінуді жөн санап, әлеуметтік желіде арнайы пост жариялаған.
«Дәрігерлердің айтуы бойынша бесікке байлау дұрыс емес екен. Мен сол жөнінде жазып, халықтың пікірін білгім келді. Бірақ бәрібір бесіксіз баланы тәрбиелегеніміз дұрыс емес сияқты», – дейді әнші.
Жас ананың жүргізген дәл осы сауалнамасына желі қолданушылары белсенділік танытып, басым бөлігі қазақы салт-дәстүрді қолдаған. Халықтың пікіріне құлақ асқан Жазира Байырбекова, бүгінде қызын бесікке бөлеп жүр.
«Ол бесікте тәрбие, ұлттық жан-дүниеміздің сыры бар сияқты. Сондықтан менің қызым дәл қазір бесікте жатыр», – дейді Жазира Байырбекова.
Жанболат пен Жазира бөбегін әлеуметтік желідегі жұрт назарына жиі жариялайды. Кенжесі қазір тәтті қылық шығарып, жанұяның көз қуанышына айналған. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдеріне тіс жармаған жұлдызды жұп, Дара қызы жайлы алғаш рет ашып айтты.
Бүгінде әншінің шығармашылығы да ұлттық колориттермен үндестік тапқан. Өнер иесінің таяуда таспаланған бейнебаянында бесік, киіз үй басты назарға алынып, тұсаукесер, ұзату дәстүрі дәріптелмек.