$ 449.58  486.94  4.86

«Исі қазақтың Иманғалиы!»: Тасмағамбетовке арналған жаңа ән шықты (ВИДЕО)

Видеоның жарияланғанына көп болмаса да, қазір алғашқы тыңдаған желі қолданушылар жақсы пікір қалдырып жатыр.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Бүгін белгілі тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы facebook парақшасына Нұржан есімді жігіттің бір қонақасыда Иманғали Тасмағамбетовке арнаған әнді домбырамен орындаған видеосын жариялады. Ол әнді Иманғали Тасмағамбетовтің өзі және батыс өңірінен шыққан белгілі азаматтар ұйып тыңдап отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы орайда, әннің толық мәтінін жариялауды жөн көрдік.

«Бейбарыс болар ағам бүгінгі,
Заулады уақыт, заман құбылды.
Саясат деген сайқал ойында
Сақтап келесің адамдығыңды...
Сақтап келесің адалдығыңды!

Қазаққа Құдай қиған ба әдейі?
Жалғыз ұлындай сыйлауда әр үйі.
Именер дұшпан, иланар досым,
Исі қазақтың Иманғалиы!

Аяқтан шалып, айып та жапқам...
Айығар кейде лайық балақтан.
Сен атқа қонсаң сүрінбесін деп,
Тілейді жұртың Жайықта жатқан.

Құлатпас бірақ құмдағың демеп,
Тілекшің – елің. Бұл да бір медет.
Жаныңның мұңын Жайыққа жуып,
Қуат алып ал, құмдарыңа кеп!

Қазаққа Құдай қиған ба әдейі?
Жалғыз ұлындай сыйлауда әр үйі.
Именер дұшпан, иланар досым,
Исі қазақтың Иманғалиы!

Қазаққа Құдай қиған ба әдейі?
Жалғыз ұлындай сыйлауда әр үйі.
Ел бағы үшін есен-сау жүрші,
Исі қазақтың Иманғалиы!».

Видеоның жарияланғанына көп болмаса да, қазір алғашқы тыңдаған желі қолданушылар жақсы пікір қалдырып жатыр. «Тамаша! Иманғали ағаға амандық тілеймін!», «Жарайсың, Нұржан!», «Алла жар болсын, Иманғали ағамызға!», «Иманғали ағамыз мың жасасын! Ел үшін туған ерлеріміз аман жүрсін!», Керемет, күшті! Әр Қазақ үміт күткен, имандай шыны Иманғалиы! Аға, аман болыңыз! Алып та Анадан туған, Анаңыздың жаны жәннаттан болғай!» деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары