02.02.2020, 03:50

Денсаулығы сыр берген танымал әнші сахнадан кетуге шешім қабылдады

Фото: pixabay.com
Әртіс мінген көліктің дөңгелегі жарылып, жыраға аударылған.

Әнші МакSим (Марина Абросимова) денсаулығына байланысты сахнадан уақытша кетуге бел байлады. Бұл туралы орындаушының менеджері Маргарита Соколова әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Әртістің өкілі әншінің тыңдармандарынан жоспарланған шаралардың өтпеуіне байланысты кешірім сұрады.

"Сіздерден түсіністік танытып, әртіске құрметпен қарауды өтінемін", - деп жазды Маргарита Соколова. Әншінің сахнадан уақытша кету туралы шешімі былтыр жол апатынан алған жарақатымен байланысты.

Соколова жақын арада МакSим "Преданным" атты жаңа туындысын таныстыратынын жеткізді.

2019 жылдың сәуірінде МакSим шетелде жол апатына түсті. Әртіс мінген көліктің дөңгелегі жарылып, жыраға аударылған. Салдарынан әнші жарақат алды.

Тегтер: әнші Максим