$ 447.4  477.55  4.76

Айқын-Арғын дуэті: таңдау неге анайы мәтіндер арқылы хайп қуып жүрген жігітке түсті?

Десек те, Арғынның жұрт назарын аударуда қолданған тәсілі Айқынды бірден баурап алған секілді. Дуэт жазуда, тіпті, Төлепберген Аусаровқа өзі ұсыныс тастаған.

Айқын анайы сөздерімен көпшілікке танымал Argonya-мен дуэт құрды. Қос әнші тың туынды арқылы хайпқұмарлардың қатарын толықтырып, кезінде кеудесінен итерген қыздарға су жаңа бейнебаян арқылы жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz.

«Негізі Argonya-мен алдында отырып дуэт жазамыз ба деген ой болған. Мен сол кезде киноға саундтрэк іздеп жатқанмын. Сөйтіп, Арғынның репертуарныдағы әндердің бәрін тыңдап шықтым», – дейді Айқын.

Argonya әндеріндегі боқтық сөздермен, анайы мәтіндерімен қалың көпшілікке жақсы таныс. Десек те, Арғынның жұрт назарын аударуда қолданған тәсілі Айқынды бірден баурап алған секілді. Дуэт жазуда, тіпті, Төлепберген Аусаровқа өзі ұсыныс тастаған.

«Негізі мен Argonya-ны көргенде стилі ұнаған. Білеміз ғой енді әнші ретінде. Содан кейін өзіме бір ән таңдадым. Мен айтып жүрген болатынмын. Осы маған бір ән жазып берші, көрсетші демоларыңды дегенде, осы ән ұнады. Сосын бірге жазайық дедім. Бәрібір Арғынның өзінің стилін қайталай алмайсың», – деді Айқын Төлепберген.

Түсіріліп жатқан бейнебаян – Айқынның жаңа фильміне саундтрек. Әдетте киноға арнайы ән жазылатын еді, бірақ, бұл туындының тарихы басқа. Әуеннің мәтінінде кезінде жас аруға ғашық болған композтитордың өмірі суреттелген.

«Ер адам болғаннан кейін біз бір қызға көңіл бөліп қараған кезде кез келген қыз ішінен сезініп тұрады ғой. Мен бір жерге барған кезде бір қыз ұнады. Сосын оған қарап тұрдым. Ол да біліп тұр менің қарап тұрғанымды. Бірақ, маған қарамды. Ашуыма тиіп кетті маған назар аудармағаны. Сол кезде шыққан ән ғой», – деді Арғын.

Ән ерте жарыққа шығып қойғанымен, Айқын Төлепберген саундтрэк таңдаудан жаңылыспаған секілді. Тректің сөзі көктемде үлкен экранға жол тартатын «Где мое кольцо» фильмінің сценариімен бірден үндестік тапқан.

«Негізі көңілді ән, арасында қалжыңдары бар. Кино да солай шыққан. Фильмнің басында саундтрэкке әдемі сәйкес келіп тұр», – деді Айқын.

Айқын мен Аргония дуэті мұнымен тоқтап қалмасы анық. Қос тарап алдағы уақытта жарасымды тандемді жалғастырамыз деп отыр. Ал күні кеше түсірілім жұмыстары аяқталған бейнебаянның тұсауын Айқын Төлепберген туған күнінің қарсаңында кеспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары