$ 444.32  473.33  4.76

Димаш танымал халықаралық байқауға Ресейдің атынан қатысуы мүмкін

Байқау осымен 65 рет ұйымдастырылып отыр.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

 Ресейдің атынан танымал "Евровидение" байқауына қатысуы мүмкін әншілердің тізімі әлеуметтік желілерде таралуда. Мұндай ақпаратты «Super» басылымы жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы Нидерланды  мемлекетінде өтетін ән додасына қатысатын үміткерлер түрлі жанрларда ән айтып жүргендер  белгілі әншілер. Үміткерлердің арасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де бар. Одан бөлек, Zivert (Юлия Зиверт), Полина Гагарина, Little Big тобы, Александр Панайотов тізімге ілінген.

 Димаш осы байқауға  Қазақстанның атынан емес, Ресейдің атынан қатысуы мүмкін.

Әр елден келген шығармашылық жолдағы адамдарды бір сахнада тоғыстыратын байқау осымен 65 рет ұйымдастырылмақ. 12-16 мамырда Нидерландыда біз Димашты аталмыш байқауда көруіміз мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары