$ 514.65  544.6  5.17

«Эх, Экс, сен қандай едің?..»: әнші Мұрат Қожаға бірінші әйелі жүрекжарды жазбасын арнады

Инстаграмдағы осы жазбадан соң оқырмандар түрлі пікірлерді қарша боратты.

«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Мұрат Қожа бірінші әйелімен қарым-қатынасын түзеген секілді. Әлеуметтік желіде Айман Нұразхан бұрынғы күйеуіне сәттілек тілеп, жүрекжарды жазбасын жариялады. Ерлі-зайыптылардың жолдары екіге бөлінгенімен, сыйластықтары үзілмеген, деп жазады nege.kz.

«Эх, Экс, сен қандай едің? Кешелі бері сол ой мені мазалауда. «Жарқыраған жұлдыз, жаулап алған от» едің, «жанып тұрған шоқ» едің! «Жұлдызды жекпе-жектің» іріктеуі басталған сәттен-ақ мен «Нұр&Мұрды» ұсынып едім. Қалай болғанда да маған бөтен адам емес қой деп. Сонда жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова жалт қарап: «Ты уверена?» дегенде, «әрине» деп бір жымидым.

Көрейік, мүмкіндік берейік, 20 жылдық тарихы бар топ қой. Кезінде топтардың ішінде нөмірі бірінші болып, Мәскеудің телеарнасынан шыққан алғашқы әншілер еді. Тв-ны қоссаң да, радионы ашсаң да тек «Нұр&Мұрдың» хиттері шырқалғаны бәрімізге аян. Ол – шындық, ақиқат! Модератор Мейрамбек Бесбаев: «ой, Айман, сен де ескілерді еске алып» деп, өзінің профессионалдық тұрғыда көзқарасын білдіріп, қолдағанына үлкен рахмет!

Гүлеке, Сізге тағы да рахмет, жігіттерге шанс беріп, олардың қайтадан өнерлеріне бір серпіліс бергендеріңізге! Ал мен сол күні «бір түрлі қыз» болып жүрдім. Ішім алай-дүлей, кәдімгідей тақымымды қысып, уайымдағанымды жасыра алмаймын! Әйтеуір, формадан кетсе де, көзден кетсе де, жартылай финалға ілінгеніне не қуанарымды, не әттеген-айымды айта алмадым! Қалай болғанда да әдемі болып, жарқырап жүргендерін қалайды екенмін!

Көп нәрсеге көзімді жұмғаннан, дәл сол күні жүгіріп жүріп, шұңқырға қалай түсіп кеткенімді де түсінбей қалдым! Жаралы жүрек одан сайын сыздап, өзімді қоярға жер таппай қиналып қалдым. Бірақ, бұл жұмыс болғаннан соң, ішімдегі жан айқайымды көрсетпеуім қажет екенін де білемін! Қой, шо-то эмоцияға берілмей тұрғанымда, «Нұр&Мұрға» сәттілік тілейін! Алдағы уақытта «Хабар» арнасынан көріп, өз бағаларыңызды беруге мүмкіндіктеріңіз бар.

Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да, қайда жүрсең де, жұлдызым болып, жарқырап жүрші, тек аман!» - деп жазды Айман Нұразхан. Инстаграмдағы осы жазбадан соң оқырмандар түрлі пікірлерді қарша боратты.

Айта кетейік, Мұрат Қожаның алғашқы некесінен үш қызы бар. Екінші отбасында да кішкентай кестетігер өсіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары