$ 514.65  544.6  5.17

«Из князи в грязи»: әнші «айламен тапқан мал арам» деп әріптестерінің ісіне шамданды

Ол аталмыш ұтыстарды ұйымдастырғаны үшін табысқа кенелетінін жоққа шығармайды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Меруерт Түсіпбаева ұтысы ойыны мен түрлі тренинг өткізетін шоу-бизнес өкілдеріне шүйлікті. Ал Жеңіс Ысқақова лотерея ойнатуға жаны құмар әріптестерінің әрекетін түсіне алмай әлек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Shownews.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы ұтыс ойынын өткізіп, түрлі тренинг арқылы табыс табуды әдетке айналдырған отандық шоу-бизнес өкілдерінің саны күрт өскен. Әр қилы тәсілмен қара халықтың қалтасын жұқартқан әріптестерінің әрекетін Меруерт Түсіпбаева қатаң сынға алды.

«Мен жарнама жасап, лотерея ойнатып, халықты алдап ақша тауып жатқан біздің жұлдыздарға «айламен тапқан мал арам, саған қайыр болмайды» дегім келеді.  Бұл бір жыраудың, ата-бабамыздың айтып кеткен сөзі. Орысша айтқанда «из князи в грязи». Не істейміз?», – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Фото: qamshy.kz

Айтпақшы, Нұрлан Еспанов та лотерея өткізуге әуес әншілердің қатарында.

«Біздің танымал түріміз болғандықтан компанияның тарапынан осы өнімді жарнамалап беріңізші деп ұсыныс айтады. Бұл жеке меншік лотерея емес. Үлкен автоорталықтың құзырындағы жұмыс. Мен жай ғана амбассадорымын. Соны түсініп алу керек», – дейді Нұрлан Еспанов.

Ол аталмыш ұтыстарды ұйымдастырғаны үшін табысқа кенелетінін жоққа шығармайды. Алайда Еспанов қалтасына түскен қомақты қаржыны өз мүддесіне емес, қайырымдылыққа жұмсайтынын алға тартты.

Жеңіс Ысқақова да кейінгі кезде дүйім жұрттың жарнамаға әуестігін байқаған. Бірақ танымалдардың түрлі тренинг пен ойын өткізуді жиілеткеніне қынжылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары