05.02.2020, 05:30

«Димашқа менің сыйлығым бар»: емші бала Ерболсын мега жұлдызға ықыласын білдірмек

Жас емшінің өзі де әлемнің назарын аудару арқылы отандастарын мойындатуды көздейді.

«Үкілі бала» атымен ел аузында жүрген жас емші Ерболсын Серікбаев әнші Димаш Құдайбергенге сыйлық жасауды ойластырып қойған. Емші елді әлемге танытқан мега жұлдызға өз құрметін көрсеткісі келеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Димашқа менің сыйлығым бар. Өзімнің ықыласымды білдіргім келеді. Ол – әлем таныған әнші. Даусы керемет. Қаншама адамға қуаныш сыйлап жатыр. Керемет емес пе!? Өзімізде бардың қадірін біле бермейміз. Біз Димашқа әлем тамсанғаннан кейін ғана ондай баланың бар екенін мойындадық. Әлі де түрлі сөздер айтатындар бар. Оған ешкімге құлақ аспай, тек алға жүре бер деп айтар едім», - дейді Ерболсын Серікбаев.

Жас емшінің өзі де әлемнің назарын аудару арқылы отандастарын мойындатпақ.

«Біздің елде кейбір адамдар іштарлықпен көре алмай жатады. Оған жоғарыда айтқанымдай, Димаштың өзі мысал. Black Star-дағы Назима шықты, оны қандай қылды?! Олардың бағасын өз халқы бере алмады. Олар шетелге барып жарқ етті. Қазір мені де Түркиядағы телеарналар шақырып жатыр. Сол кезде «бұл біздің емші» деп айтатын болады», - дейді ол.

Айтуынша, Ерболсынды өзге елде құрметтеп, ерешке бағалайды екен.

«Түркияда маған өте қатты құрмет көрсетілетінін байқадым. Мені мыңнан аса адам күтіп алды. Олар екі нәрсені сұрайды: «Сен мұсылмансың ба?», «Иә, әлхамдулиллях, мұсылманмын» деймін. Сосын «Көріпкелсің бе, әлде емшісің бе?» деп сұрайды. «Мен емшімін, көріпкел емеспін» деймін. Болды. Олардың өзіме деген құрметі жоғары екенін байқадым», - деп атап өтті емші.