Мәдениет & Шоубиз 06.02.2020 сағат 10:20

Әйгілі актер 103 жасында көз жұмды

Ол киноматография тарихындағы ең табысты әрі атақты актерлардың бірі.
Әйгілі актер 103 жасында көз жұмды
Фото: tv.rbc.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал актер Кирк Дуглас 103 жасында қайтыс болды. Ол Голливуд фильмдерінің жұлдызы болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актердің өлімі туралы "People" басылымы оның әрі әкесі секілді танымал актер Майкл Дугластың мәлімдемесіне сілтеме жасап ақпарат жариялады. 

 Ұлы "Ол бүкіл әлем үшін аңыз адам. Ол киноның алтын ғасырындағы актер еді", - деп әкесінің абыройын асқақтатып қойды. Бақилық болған шығармашылық жанның ізбасарының айтуынша, Кирк баянды ғұмыр кешіп, кинематография саласында атын қалыптастырып, ұрпаққа өнеге қалдырған кісі. "Оскар"  атағының иегері.

Кирк тек ғана актер емес. Сондай-ақ, оның жазушылық қабілеті бар. Осы дарынының арқасында 10 кітап жазған. Ол киноматография тарихындағы ең табысты әрі атақты актерлардың бірі. Дуглас көптеген рөлдерімен танымал. Мәселен, "Спартак", "Детективная история" және Бродвейде ("Пролетая над гнездом кукушки") фильмдері арқылы көрерменнің есінде қалды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар