$ 484.11  528.79  5.03

Мейрамбек Бесбаев «боқтық сөздер қосып шығаратын» әріптестерінің сұмдық ісін сынады

Ол атаққа апарар жол деп бірі шешініп жатса, енді бірі мән-мағынасыз әндер айтып жүргеніне қынжылады.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

«МузАрт» тобының белді мүшесі әрі халыққа сыйлы әнші Мейрамбек Бесбаев бүгінде "хайп" үшін бәрін істеуге дайын жаңа буын әншілерін сынға алды. Эстрада королі танымал болу мақсатында шешініп, әндеріне боқтық сөздерді көп қосып жүрген жастарға көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлады Nur.kz.

Мейрамбек Бесбаев әрдайым жастарға қолдау көрсетуге тырысқанымен, бүгінгі күннің жас әншілеріне өкпе-назы бар екенін жасырмады.

Ол атаққа апарар жол деп бірі шешініп жатса, енді бірі мән-мағынасыз әндер айтып жүргеніне қынжылады.

«Кейбір бауырларым қазір боқтық сөздерді қосып шығаратынды естіп жатырмыз. Қай жаққа бара жатыр. Не деген сұмдық. Танымал болудың жөні сол екен деп, не болса соны қыстырмалап айтып жатыр. Өкінішті жағдай енді» , - деді Бесбаев.

Көпшілікті қоңыр даусымен сүйсіндіріп келе жатқан өнер иесі "хайп" жасамай-ақ халықтың махаббатына бөленіп, әйгілі әртіс атануға болатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланған Мейрамбек Бесбаев бұрынғы басшылықтың қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын және оның артында Зағипа Балиева мен оның ұлы тұрғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары