Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың мәлімдемесін талқылауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Дәл қазір мен Мейрамбектің қоңырау шалғанын күтіп отырмын. Мына жерде он адам болып жиналып отырмыз. Мен әлеуметтік желіге өз телефонымды салып, маған қоңырау шалуын сұрадым. Енді, бәріміз Мейрамбектің қоңырауын күтіп отырмыз. Оның қандай арыз-талабы бар екенін білгіміз келеді", - деді Бәлиева.
Ал тілшінің "Мейрамбек өз арыз-талабын әлеуметтік желіге жазған жоқ па?" деген сұрағына: "Ол менен сұрау керек қой. Оған өзім жауап бергім келіп отыр", - деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жұмысына кедергі келтіріп, қысып көрсетіп жатқанын жазған болатын.