10.02.2020, 16:00

Танымал әнші инсульттен қайтыс болды

Фото: pixabay.com
Әнші біраздан бері миопатия (бұлшық ет ауруының бір түрі, миопатия тұқым қуалайтын аурулардың қатарына жатады) дертіне шалдыққан екен.

Белгілі опера әншісі Мирелла Френи Италияның Модена қаласында көз жұмды. Оның бақилық болуына ұзақ уақыттан бері инсультпен ауруы себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әртіс өз үйінде 84 жасында қайтыс болды. Оның өлімінң себебі  - инсульт. Әнші біраздан бері миопатия (бұлшық ет ауруының бір түрі, миопатия тұқым қуалайтын аурулардың қатарына жатады) дертіне шалдыққан екен. Бұл туралы оның көмекшісі Джек Мастроианни хабарлады. 

Опера әншісі ең алғаш рет 1955 жылы "Кармен" операсында Микаэл рөлін сомдаған сахнаға шыққан. Шығармашылық жолында АҚШ, Еуропа, Ресей мемлекеттерінде өнер көрсетіп, видео опералық түсірілімдерге қатысқан. 1993 жылы Италия мен Францияның құрмет белгісі, ордені секілді атақтарымен марапатталған.