$ 447.4  477.55  4.76

Джеки Чан коронавирустың емін тапқан адамға 1 миллион юань береді

Ол сонымен бірге адамдарға қорғаныс киімі мен медициналық маскаларды тегін таратып жатқанын хабарлаған.

Танымал актер Джеки Чан коронавирустың жаңа түріне қарсы антивирус ойлап тапқан адамға 1 миллион юань (143 мың доллар) беруге уәде етті.

65 жастағы кытай актері бұл туралы Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды. Ол сонымен бірге адамдарға қорғаныс киімі мен медициналық маскаларды тегін таратып жатқанын хабарлаған. Актер 1 миллион юань ол үшін үлкен қаржы емес екенін айтты.

“Ғылым мен технология – вирусқа қарсы күресте сәттіліктің кепілі. Бұл сөзіммен көпшілік келіседі деп ойлаймын. Мүмкіндігінше тезірек антивирус ойлап табылады деп үміттенемін. Мәселе ақшада емес. Мен бір кездері өмір қыз-қыз қайнап жатқан көшелердің бүгінде қаңырап қалғанын көріп, көптеген жерлесім өмірден ләззат алудың орнына, вирусқа қарсы өмір сүру үшін күресіп жатқанына жаным ауырады”, - дейді актер.

Жақында Қытайда Джеки Чан басты рольді сомдаған “Авангард” (Vanguard, 2020) фильмінің шығуы коронавирустың кесірінен кейінге шегерілген. Фильм үлкен экранға 25 қаңтарда шығады деп жоспарланған еді. 

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары