$ 494.87  520.65  4.91

«Қара жігіттің» бетін сүйген Гүлнұр Оразымбетованы тыңдармандары қызғанып қалды (ВИДЕО)

"Мына жігіт қызық екен, баланың үстіне мініп тұрмақшы ма, басы жұмыс істей ме? Гүлнұр алға қадам жасамаса, мініп алайын деп тұр".
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Тойлардың бірінде тыңдармандарымен бірге суретке түсіп тұрғанда, жанына тосыннан келген афроамерикалықтың бетінен "шөп" еткізіп сүйіп қалған әнші Гүлнұр Оразымбетова сынның астына қалды. Белгілі әнші бұл әрекетінінің видеосын Instagram парақшасына пост жазып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ауырдым десең, ауыра бересің. Кішкене позитивтен ала отырыңыздар! Ағам танып жатыр мені", - деп қара жігіттің өзін танып, бірге суретке түсуге келгенін жазып, бір мақтанып қалған әншінің бұл қылығын әлеуметтік желідегі оқырмандары жақтырмай қалған сыңайлы.

Мәселен, өнер иесінің әлгі афроамерикалық жігіттің берінен сүйген әрекетін сынап тастады.

"Мына жігіт қызық екен, баланың үстіне мініп тұрмақшы ма, басы жұмыс істейме? Гүлнұр алға қадам жасамаса, мініп алайын деп тұр", "Ойбай, қап-қара не істеп жүр аппақ сіздердің қасыңызда?", "Өліп тұр ғой, фотоға түскісі кеп", "Негрден қызғанып кеттім ғой" деп пікір қалдырыпты.

Ал Caravan.kz болса, әлгі видеоның астынан көпшіліктің "Гүлнұр, негрдің қай жерін сүйдің, жаным-ау!? Тұрмыз ғой, сүйетін болсаң, тегін", "Негрге сонша жабысады. Иығына асылады, не то осылар", "Қандай негр мынау?" деген түрлі сыни пікірлерін "жіпке тізіп" жазып үлгеріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары