$ 514.65  544.6  5.17

«Құдайсыз адамдар бар»: Қордай оқиғасына байланысты Баян Мақсатқызы да «әу» деп қалды

Жылдар бойы біздің ел бәрі үшін жұмақ, ең толерантты мемлекет екенімізді айтып-ақ келеді. Бұл - сандырақ, көбіміз жақтырмаймыз, шыдамаймыз.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қоғамдық дүмпу туғызған мәселеде аузын буған өгіз секілді бұғып қалғанды жөн санамайтын танымал продюсер Баян Мақсатқызы Қордайдағы болған жағдайға байланысты "әу" деп қалды. Ол еліндегі оқиғаға бейжай қарамайтын адам екендігін тағы бір дәлелдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талай әншінің жұлдызын жаққан продюсер қазақтар мен дүңгендер арасындағы қақтығыс жайлы Instagram-дағы парақшасында пост жариялап, "Құдайсыз адамдар бар" екенін жазды.

"Біздің көбіміз үшін ең ұтымды позиция - бізге түк қатысы жоқтай үндемей қалу. Біз сонда болдық, бола береміз де. Заманымыз - қатыгездік, жеккөрушілік, шыдамсыздық, бұл, тіпті, басқа ұлттарға емес, бір-біріміздің арамыздағы сезім. 11 адам қаза тапты, олар жол апатынан қаза болған жоқ, бесінші қабаттан құлап кеткен жоқ, оларды қатыгездікпен өлтіріп, үйлерін өртеп жіберді.

Қазір ұлтаралық қақтығысты кім бастағанын анықтай алмайсың. Жылдар бойы біздің ел бәрі үшін жұмақ, ең толерантты мемлекет екенімізді айтып-ақ келеді. Бұл - сандырақ, көбіміз жақтырмаймыз, шыдамаймыз. Оңтайлы сәт туа қалса, "шаңыраққа қара" деп, үйде кім қожайын екенін айқайлап айтып қалуға тырысамыз.

Ұлы Абай қалай дұрыс айтқан, содан бері ештеңе өзгермеді емес пе?! Үндістер, қытайлар, дүңгендер, армяндар, түріктер, келесі кім? Біз қарапайым адами құндылықтар, мейірімділік, ар-намыс, қадір-қасиет дегенді баяғыда ұмытқанбыз. Кеудемізді соғып, патриотпыз дейміз. Патриот - өзгелерді жеккөретіндер емес, өз ұлтын сүйетіндер.

Бүгінде жалған патриоттар өте көп, олар өз аумағына келгендердің бәрін "Отан үшін" деп өлтіруге дайын. Бұл - қорқынышты. Осы жазбам арқылы жаман ұлт жоқ екенін, ұлтқа қатысы жоқ, құдайсыз адамдар бар екенін айтқым келеді", - деп ол ішкі ойын жеткізді.

Оқырманы көп продюсердің бұл пікірін жазылушылары бірауыздан қоштап, олар да жаман ұлт болмайтынын, жаман адам болатынын жарыса жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары