Қазақ өнері мен әндерін әлемдік сахналарда шырқап жүрген Димаш Құдайберген тағы да шет елде сый-құрметке бөленді. Ол Краснодарға ұшып барып, ондағы тыңдармандарының ыстық ықыласына куә болды. Танымал қазақстандық әншіні халықаралық әуежайда оны жақын және алыс шетелдерден келген жанкүйерлері зор қошеметпен күтіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жылы қарсы алғандарыңызға рахмет, қымбатты достарым! Мен сіздерді жақсы көремін, ертең көрісеміз», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Осы орайда естеріңізге сала кетейік, Димаш 16 ақпанда Краснодардағы «Баскет Холл» спорт кешенінің стадионында жеке концерт береді.
Димаш Құдайберген Ресей мен Еуропада елдерінде 11 концерт беріп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарын қуантуды жоспарлап отыр.