Киносүйер қауымға келін рөлімен жақсы танылған актер әрі продюсер, режиссер жасына жетпей шашыынң ағарып кеткенінің сырын айтты. Әр жағдайды әзілге айналдыра білетін актер шашының ағарғанын әзілмен түсіндіріп бақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Шашым ағарғанына байланысты айтайын дегенім. Өмірде осындай жағдай болады. Ол үшін қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Өмірде осындай жағдайдағы жалғыз мен ғана емес екендігім анық қой. Менің жекеге шығып, шашың ағарып кетіпті деп жазудың қажеті жоқ.
Сіздер таңғалуларыңыз мүмкін, бірақ өзім де байқамай қалдым. Енді не себепті шашымның тез ағарып кеткенін айтайын. Бұған дейін мен шашымды бояп жүрдім. Кейін Түркіменстан президенті ерлердің шашын бояуға тыйым салған соң, мен де оларға деген құрметпен шашымды боямайтын болдым.
Білесіздер ме? Ішкі әлемімде ешнәрсе өзгерген жоқ. Мені бұрынғыдай мейірімді, жақсы адаммын. Тек шаштың түсі ғана өзгерді. Мен үшін уайымдамаңыздар. Мен сол бұрынғы Нұртаспын", - деп жазған Нұртас Адамбайға әлеуметтік желідегі оқырмандары "Тым болмаса шашың бар ғой" деп жұбатты.