$ 494.87  520.65  4.91

«Бригада», «Бой с тенью» киноларының әуенін жазған композитор Австралияда қаза тапты

Дереккөздің жазуынша, музыкант Сиднейде Бондай Бич жағажайының маңындағы жартастан құлап, көз жұмған.

Австралияда композитор, Triplex жобасының мүшесі және «Бригада» сериалының саундтрегінің авторы Андрей Иванов қаза тапты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дереккөздің жазуынша, музыкант Сиднейде Бондай Бич жағажайының маңындағы жартастан құлап, көз жұмған.

Айта кетсек, Андрей Иванов электронды музыканы орындайтын ресейлік Triplex тобының құрылтайшыларының бірі болған. Ұжым жұмысын 1992 жылы жұмысын бастап, «Катапульта» альбомын, «Баскервиль төбеті» композициясын және ремиксін шығарды.

2000-жылдары Triplex фильмдерге және телесериалдарға, мысалы, «Коллекционер», «Бой с тенью» және тағы басқа кинокартиналарға әуен жазумен танымал болды.

2003 жылы «Бригада» телехикаясына шығарылған саундтрек жылдың ең үздік рингтоны ретінде MTV Ресей сыйлығын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары