$ 514.65  544.6  5.17

«Сол күйі жауапсыз қалды»: әншілер Жанар Хамитованың орындап кеткен әндерін айтуға қорқып жүр

Әбу-Қай жақын досы санаған Жанар Хамитованың өлімінен кейін шығармашылығында тоқырау орын алғанын жасырмады.

Жанар Хамитовамен бірге дуэт жаздырған жас әнші Әбу-Қай қиын жағдайға тап болғанын айтты. Ол "Арнау" тобының бұрынғы мүшесінің өлімінен кейін, өзге арулар марқұм жұлдыздың әнін орындауға қорқып қалғанын жеткізді. Отандық эстрада сылқымдары мен енді танылып келе жатқан әнші қыздар Хамитова айтқан өлеңді қайта жаздырту жөніндегі ұсыныстан бас тартуда, деп хабарлады "Ел аузында" бағдарламасы.

Әбу-Қай жақын досы санаған Жанар Хамитованың өлімінен кейін шығармашылығында тоқырау орын алғанын жасырмады. Әнші арулармен дуэт көп жаздыратын ол енді бойжеткендердің көпшілігі онымен бірге ән айтудан бас тартып жүргенін алға тартты. Оның сөзінше, әнші қыздар Хамитованың қазасынан кейін өзімен өлең орындауға қорқып қалған.

"Мен ұсыныс тастаған адамдардан қорқыныш бар. Білмеймін, ол енді тағдыр. Қолдан келетін ештене жоқ. Ол Жанардың тағдыры болды. Енді келесіде менімен ән айтатын адамдарға айтарым, қорықпай-ақ қойса деймін. Әркімнің өз тағдыры бар. Кейбіреулер жол апатында, кейбірі үйде отырып та кетіп қалып жатады ғой.

Мен Жанармен айтқан әнімді өнерде жүрген әнші қыздарға, енді танылып келе жатқан аруларға ұсынғанымда оларда қорқыныш болды. Қарындастарымыз қорқақтады. Ел алдында жүрген үш-төрт әнші әпкелерімізге де айттым, ол кісілер де қорықты ғой деймін. Сол күйі жауапсыз қалды. Сол ән мүмкін тарихта солай қалатын шығар деп жүрміз", - деп ағынан жарылды жас әнші.

Айта кетейік, Жанар Хамитова өткен жылдың 16 қыркүйегінде қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары