Мәдениет & Шоубиз 18.02.2020 сағат 12:40

«Удай мас»: көрермендерінің үстіне құламақ болған әншінің масқарасы шықты (ВИДЕО)

Онда да әнші шынын айтуды жөн деп таппаған.
«Удай мас»: көрермендерінің үстіне құламақ болған әншінің масқарасы шықты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресейлік сылқым әншінің Брянскідегі концертінде ел күтпеген жайт орын алды. Ольга Бузова сахна алдында тұрған қалың топқа қарай құлай кетті, бірақ көрермендер ол ойлағандай, оны ұстауға қатты құмартып тұрмаған болып шықты. Салдарынан әнші оңбай жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz sm-news.ru ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ол өздігінен қайта сахнаға орала алмаған. Оны сахна сыртындағы киінетін бөлмеге қасындағы екі көмекшісі екі қолтығынан демеп, алып келген.

Осылайша екі еркек екі жағынан демеген Ольга Бузованың видеосы желіде жарияланып кетті. Бұдан соң желідегілердің бірі: "Әнші удай мас", "Қара өздігінен аяғынан тұра алмай тұр", "Мынау тәлтіректеп қалыпты ғой" деп жарыса жазды. Онда да әнші шынын айтуды жөн деп таппаған.

"Қатты шаршағанмын ғой", - деп қысқа қайырды ол.

Алайда көп ұзамай, әншінің сахна алдында масқара болған нақты оқиғасын түсіріп алған көрерменнің видеосы да желіде жарқ етті. Сол кезде Бузова осы оқиғаға қатысты бар шындықты айтып, көгерген тізесінің суретін өз парақшасында жариялауына тура келді. Сөйтіп ол көрерменнен "өз артын ашқан" видеоны өшіріп тастауды өтінген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар