19.02.2020, 12:40

Өзінен 6 жас кіші жігітке ұзатылған жайдарманшы Мереке Қалбаева ана атанды (ФОТО, ВИДЕО)

Фото: instagram.com/merekusha.k
Мереке Қалбаева жайдарманшы Арсен Акиев есімді азаматқа осыдан 2 жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын.

Үздік жайдарманшы, "Тек қана қыздар" тобының мүшесі Мереке Қалбаева мен сценарист Арсен Акиев ата-ана атанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мереке Қалбаева жайдарманшы Арсен Акиев есімді азаматқа осыдан 2 жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын. Бірақ араға 2 жыл салып, жас отбасының саны бір адамға артып отыр. Олар "шын сүйіп қосылғандығын дәлелдеді" десек, артық болмас. Өйткені халық арасында олардың жас айырмашылығын сынамаған адам қалмады. Ата-ана атанғандарын Мерекенің өзі алғашқылардың бірі болып, жарияға жар салды.

"Мә, мен ана атандым, Арсен әке болды", - деп Instagram-парақшасына жазба қалдырды Мереке.

Ал сәбидің әкесі Арсен елден сүйінші сұрап, асыл жарына алғысын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

"Сүйінші! Бөпенің бөпесі дүниеге келді. "Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын" деген тіркестің төркінін енді түсінгендеймін! Не жазарымды да білмей отырмын! Аллаға сансыз шүкір дегеннен басқа сөз келмей жатыр.

Жақсы әйелдің белгісі бірінші дүниеге келген перзенті қыз болады деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Алтыным, рахмет саған", - деп әсерлі жазба қалдырды ол.

Арсен мен Мерекені құттықтап жазғандардан аңғарғанымыз, Мереке өмірге ханшайым әкелген. Желі қолданушылары жаппай сәбидің амандығын тілеп құттықтап жатыр. Олардың қатарында өнер иелері де бар.