$ 494.87  520.65  4.91

Басшылық қызметтен кеткен Сәбит Әбдіхалықов себебін түсіндірді

Оның сөзінше, Әбдіхалықов директор ретінде тағайындалған театрдың 14 миллион теңгелік қарызы болған.
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов не себепті қызметінен кетіп бара жатқандығы жайлы айтып берді, деп жазады Nege.kz.

«Біздің театрда 300-ден астам адам қызмет атқарады. Олардың пікірлері әртүрлі. Біз қазір бір отбасыдай болып кеткенбіз және олардың сөзі мен үшін хақ. Негізі бұл жағдайды үлкен шу жасамай-ақ қойғанда болар еді. Десек те олар жоғарыдағылардың жауабын ала алмаған соң БАҚ-қа жүгінуге мәжбүр болған», – деді театр басшысы. 

Оның сөзінше, Әбдіхалықов директор ретінде тағайындалған театрдың 14 миллион теңгелік қарызы болған. Бірақ мәдениет орталығының ұжымы бұл жүкті жұмыла көтеріп, бас-аяғы бірнеше жылдардан кейін мәселені шеше алыпты. Бұған қоса Асанәлі Әшімовтің көмегімен, театрға көрермендер қайта тартылыпты. Сөзін қорытындылай келе, ол әріптестерінен кешірім сұрап, жұмысын өзінің денсаулығына байланысты қалдырып жатқандығын қосты. 

Тағы оқи отырыңыз: Сәбит Әбдіхалықовты басшылыққа қайтаруын талап еткен театр әртістері сахнаға шығудан бас тартты

«Бұл фактінің өзі сұмдық қой»: Әуезов театрының әртістері қызыл кеңірдек болып ұрысты

«Шетелдік және қазақстандық дәрігер мамандармен сөйлесе келе, өзімнің жағдайымның нашарлап кеткеніне байланысты мен М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының басшысы лауазымын өткізіп бергім келеді. Осы уақытқа дейін бірге жұмыс атқарған театр ұжымына алғысымды білдіремін. Мен біздің орталықты көркейтуге ат салысқан әрбір қызметкерді мақтан тұтамын», – деп аяқтады сөзін Сәбит Әбдіхалықов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары