Зарина Омарова "інісінен жүктімін" деп бағдарламаға келген қаршадай қызға қатысты шындықты жайып салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші інісімен жеке сөйлескенін айтып, оны көпшіліктің қаңқу сөзінен ақтап алуға тырысып бағуда. Ол өзінің Instagram-парақшасына осы оқиғаға қатысты көлемді жазба қалдырды. Зарина Омарова жалғыз інісін даттағандарға араша түсіп, оның сөзіне сенім артып отыр.
“Астарлы ақиқат” бағдарламасында болған кешегі тақырып - әлбетте енді елдің назарында. Маған келіп жатқан толассыз хаттар мен комментарийлерге жауап беруім керек. Оның үстіне, менің отбасым, яғни Омаровтар әулеті жауаптан қашып отырған жоқ. ⠀ Біріншіден, мен әлдеқашан тұрмыс құрып, балалы болып, өз отауымды тіккен Омаровамын. Тұрмыстағы қыз төркіннің тірлігіне араласпауға құқылы. Дей тұрғанмен, інім - біреу ғана. Сол себепті, інімнің басын салбыратып қойып, жалғыз қалдырмаймын. Біз кеше Азамат екеуміз ашық сөйлесіп, ол маған өз шындығын айтты. Мен інімді жақсы білемін және оған сенемін. Кәмшатты өмірінде 3-ақ рет көрген және оған ешқандай уәде бермегенін айтып, ағынан жарылды. Аяғы ауыр болғанынан мүлдем хабары болмаған және ол сол уақыт аралығында Азаматпен хабарласпаған, босанғаннан кейін бір-ақ суреттер жібере бастаған Кәмшат", - деп бастады ол жазбасын.
Зарина оқиғаның анығын білу үшін Азамат пен Кәмшатты сөйлестіріп, өзі тыңдап отырғанын айтты. Ол қыздың шындығын көпшілікке жайып салды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Мен сені тастамаймын»: Марат Омаровтың ұлынан жүкті болған келіншек тегін сұрап отыр
"Содан кейін біз Кәмшатқа телефонмен хабарласып, дыбыс ұлғайтқышқа қосып, Азамат одан:
-Неге, өтірік айтып жатырсың,мен саған ешқандай уәде бермегенмін, суйемін-куйемін деп сені алдамадым да, үйлену туралы әңгіме арамызда мүлдем болған емес", - дегеніне Кәмшат:
"Маған қарсы айтылған пікірлерден қорқып, өтірік айтуыма тура келді", - деп жауап берді.
Мен бұл айтылған сөздің бәрін естіп тұрдым, эфирде отырған адамдар мен телефонның ар жағында сөйлескен адамдар мүлдем басқа болып шықты. Айқайлап, дауыс көтеріп, адам сияқты дұрыстап сөйлесуге мүмкіндік болмады. Мен інімді жақтап жатқан жоқпын, дәлелденсе бәрін мойнына алады", - деп ағынан жарылды ол.
Кейіннен Марат Омаровтың қызы Кәмшат пен оның анасына басу айтуға тырысты. Көзайымның ДНҚ сараптамасы Азаматтың қызы екенін дәлелдесе, отбасынан орын тауып беретініне уәде берді.
"Бағдарламаға келген Кәмшат пен оның анасына айтарым: Егер Көзайым менің сіңлім болып шықса, біз оны қуана-қуана отбасымызға қабылдаймыз. Бір әкеден бүгінде бесеуміз. Азаматтың қос құлыншағы бар. Сондықтан далада жатқан бала жоқ. Көзайымға біздің әулеттен орын табылады. Бастысы - қыз біздікі екені дәлелденсе болғаны. ⠀ Ұл-қыз өсіріп отырған ана Зарина, сонымен қатар, барша анаға үндеу жасады. Қыздың тәрбиесімен дұрыстап айналысуын және оларды "40 жерден тыюын" өтінді.
"Қыз өсіріп отырған аналарға айтарым:
Алдымен қыздарыңызға дұрыс тәрбие беріңіздер. Бәрімізде қыз бар, қызғалдақ бар, орнын тапса, анаға одан артық бақыт бар ма? Танымайтын жігітпен төсек қатынасына баруға болмайтынын анасы айта білу керек. Қазақтың менталитетіне сай емес дерсіздер. Бірақ дәл осындай оқиғалар орын алмау үшін, ана мен қыздың арасында дұрыс диалогтар өрбуі керек деп ойлайм", - деп аяқтады ол.