Ақтөбелік жас әнші Мейіржан Жидебай "Голос. Дети" шоуында Полина Гагаринаны тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Ол Beyonce деген әншінің "Listen" атты әнін орындады.
28 Ақпанда Бірінші арнада "Голос.Дети" музыкалық жобасының жетінші маусымының үшінші айналымының көрсетілімі болды. Мейіржан Жидебайға рэп орындаушы Баста мен Гагарина бұрылды. Әнші жас орындаушының вокалдық қабілетін жоғары бағалады.
"Бұл қыздың әні. Өте ауыр. Соған қарамастан сен максимумнан да жоғарғы көрсеттің. Жұмыс істейміз", - деді Полина Гагарина. Нәтижесінде қазақстандық жас әншіні Гагаринаның командасын таңдады.