$ 514.65  544.6  5.17

«Ит болып тапталып жатқанын көргенде»: Тоқтар Серіков қазақ халқын қорқаққа теңеді

"Тура жауабын айтатын болсам, үйірімнен бөлініп қалған сияқты боламын", - деп шарасыздығын білдірді.
Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz

"Қазақ өзі жалқау ғой. Егер мен жалқау болатын болсам осындай дәрежеге жететін бе едім!? Егер мен жалқау болсам, қаймана қазақ мені Тоқтар деп танымайтын еді. Бұл - бірінші. Екінші, абырой деген бар. Абырой кіршіксіз үлбір дүние ғой. Ол сәл қышасаң жыртылып кететін дүние. Соны бір жыртып алмай келе жатқаныма шүкіршілік етемін", - деп сөзінің әлқиссасын бастаған әнші Тоқтар Серіков екі тілде сөйлеумізді қорқақтыққа балады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

 Мақтамен бауыздағандай болып, қазақтың кемшілігі айтқан Тоқтар Серіков сондай-ақ, қазақ қыздарының жағдайын айтып ғана қоймай, қазақ тілінің мүшкіл халін туралы ойтолғатты. Көңіліндегі көрікті ойларын әнші "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.  

"Көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа ұлттың өкілі келіп бізге үкім айтып тұрғанда, басымызды сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзіміздің тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, қарындастарымыздың кім көрінгенге жем болып, ит болып тапталып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз менің жүрегімді ауыртады. Екі тілде сөйлеуіміздің өзі қорқақтық ғой", - деп ел тағдырына немқұрайлы қарамайтынын білдірді.

 Сұхбат барысында жүргізушінің әлеуметтік желіге ішкен-жегенін салып, жеткен жетістігі туралы айтатын әртістер жайлы қойған сұрағына: "Тура жауабын айтатын болсам, үйірімнен бөлініп қалған сияқты боламын", - деп шарасыздығын білдірді.

 Оған қоса, "Депутаттардың болсын, біреуінің маңызды дүние шешіп жатқан жатқанын көрген жоқпын" деп "ұйықтап отыратын депутаттардың партиясына шақырса да бармайтынын айтып қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары