$ 444.32  473.33  4.76

«Горилла сияқты жеп қояйын деп тұр ғой»: «МузАрт» әншісінің Париждегі сүйісі жұртқа жақпай қалды

«Танысқан күніміз «Алғыс айту» күніне тұспа-тұс келген екен. Аллаға шүкір осы күніме! Ал мына фото «Махаббат» қаласында» деп жазған әнші.

Жақында ғана төртінші баласы дүниеге келген әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов жарымен танысқан күнін еске алды. Өміріндегі ерекше күн туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырған. Сонымен қатар, жұбайы екеуінің Париж қаласында түскен ерекше суретін де жариялаған, деп жазады ernur.kz.

«Бүгін бір қызбен таныстым. 01.03.2005 жылы кездесуге шақырдым. Танысқан күніміз «Алғыс айту» күніне тұспа-тұс келген екен. Аллаға шүкір осы күніме! Ал мына фото «Махаббат» қаласында. Мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа тек жақсылық тілеймін» деп жазған әнші.

Өнер иесінің тосын әрекеті өзге шоу-бизнес өкілдеріне де, желі қолданушыларға да ұнай қоймаған. Мұны жазба астындағы қызу пікірталастан байқауға болады.

«Жабайы сүю ғой, ұят нәрсе! Енді қалғаны осы еді», «Жиіркенішті», «Сен аш болсаң өзіңе ұқсамайсың деген сурет», «Горилла сияқты жеп қояйын деп тұр ғой», «Мына сурет қалай өзі? Қойыңызшы, Кенжебек мырза, бұныңыз ұят енді», «Сен де өнеріңді шығарайын дедің бе? Басқа фото жоқ па, балдарыңа не тәрбие?» деген сынды пікірлер жазылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары