$ 494.87  520.65  4.91

«Жан-жаққа өзін-өзі Қазақстанда жүріп-ақ танытуға болады»: Гүлзира Айдарбекова тағы да мақтанды

«Өздеріңіз білесіздер, Тимати, Нюшаға дейін Қайраттың концертіне келген. Егер телефон шалып, продюсерлерге хабарласатын болсақ, Қайратты бірден таниды», - дейді ол.

Бұл турады Caravan.kz «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында өткен ақын Құрманай Бақтиярқызының кітабының тұсаукесеріне келген Гүлзира Айдарбекова берген сұхбатында Қайрат Нұртастың танымал әндерінің бірі «Алматы түні» әнінің сөзін Құрманай жазды деп, оған алғысын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, Тимати, Нюшаға дейін Қайраттың концертіне келген. Егер телефон шалып, продюсерлерге хабарласатын болсақ, Қайратты бірден таниды. Бұл да бір еңбек деп ойлаймын. Жан-жаққа өзін-өзі Қазақстанда жүріп-ақ танытуға болады деген сияқты... Ресейге де шақырды. Қызыл кілемнен де өтті, қаншама мықты-мықты әншілердің арасында», - деп продюсер ана әдеттегідей бір мақтанып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары