Қазақстанда мемлекет 100 кинокартинаның тек 20-сын ғана қарджыландырады, деді «Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы» ҰАҚ басқармасының төрағасы Гүлнара Сәрсенова. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Бізде қазір қазақстандық кинопрокатқа шығатын 100 кинокартинаның тек 20%-ын ғана мемлекет қаржыландырады. 80%-ы – жеке капитал», - деді Сәрсенова.
Оның айтуынша, олар сөйлесетін кәсіпкерлер қазақстандық киноға қаржы салғылары келеді екен, бірақ, бізде бұл ретте нарық әлі дамымағандықтан, қорқады.
«Сондықтан биыл бірыңғай кинобилет енгізу қажет», - дейді басқарма төрағасы.