$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл әлемде оянғым келмейді»: әйгілі әншінің «жындыханадан» бір-ақ шыққаны белгілі болды

Бірнеше күн бұрын ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, оқырмандарына тіл тигізген. Жұрт орындаушы ішімдікті мөлшерден тыс ішті деп болжады.
фото: vokrug.tv
фото: vokrug.tv

Ресейлік рэп орындаушы Денис Устименко-Вайнштейн (Джиган) АҚШ-тағы ішімдік пен есірткіге тәуелділерге арналған оңалту орталығына жеткізілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірнеше күн бұрын ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, оқырмандарына тіл тигізген. Жұрт орындаушы ішімдікті мөлшерден тыс ішті деп болжады.

Ал 8 наурыз күні Джиган тағы тікелей эфирге шығып, «жындыханада» екенін айтқан. Әртіс қасын алып тастаған.

Рэп орындаушының үш қызы мен бір ұлы бар. Ұлы осыдан 1 ай бұрын ғана дүниеге келген. Болған оқиғадан кейін әртістің әйелі «Бұл әлемде оянғым келмейді» деген жазба қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары