$ 444.22  476.38  4.82

Соңғы видеосын түсірген танымал вайнерлер көз жасын көлдетті

Әлеуметтік желі қолданушылары болса, бұл жаңалықты естігенде таңданыстарын білдірді.

Қазақстанның ең танымал вайнерлері  "Yuframe" командасы жобаның жабылуы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ғаламторда үлкен танымалдыққа ие болып, көптің көзайымына айналған "Yuframe" ұжымының соңғы видеосы көптің көзіне жас келтірді. Бір үстел басына жиналған Арман Юсупов, оның әйелі Карина Оксукпаева, Айым Сейтметова, Артур Асқарұлы және Адина Топашева кезекпен бірге өткізген мұңлы да, күлкілі сәттері туралы жарқын естеліктерімен бөлісті. 

Вайнерлер өздерін ұстап, сабырға шақырғанымен, көз-жастарын ұстай алмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса, бұл жаңалықты естігенде таңданыстарын білдірді. Тіпті, кейбірі мұны пранк деп ойлаған. Дегенмен, олар қыз-жігіттерге осы уақытқа дейін көңілді видеоларымен қуантқаны үшін алғыс білдіруді ұмытпады.

"Қазақстандағы ең бірінші және ең керемет вайн-жобалардың бірі", "Мен сіздердің видеоларыңызбен бірге өстім", "Бұл кезекті пранк", "Бұл жобаны ешқашан ұмытпаймын, рақмет сіздерге"", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вайнерлер