12.03.2020, 15:40

«Мен де бала-шаға асырауым керек қой»: Ринат Зайытов қаражат қысқанда таңдауды шетке ысыратынын жасырмады

Фото: pinterest.com
Көп көзіне түсе бергенді ұната бермейтін ақын, бүгінде біраз өнер өкілдерімен тығыз шығармашылық байланыста екенін айтады. Бірақ «әншінің де әншісі болады» деген ол, сөз сұрап келгеннің бәрімен бірдей жұмыс істей бермейді екен.

Ринат Зайытов үнемі ел назарында! Оның әр әнге жазған сөзі лезде халық арасында тарап, хитке айналатын ақынның неліктен көптен бері көрінбей кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Енді әлдебір адамдар болады да, өзі сондайды жақтырмайтын. Бет саудасын, жаңағы барып, көрінген жерде жылтыңдай беруді жақтырмайтын. Және, ол мінез ақындардың арасында өте көп кездеседі", - деді Ринат Зайытов.

Көп көзіне түсе бергенді ұната бермейтін ақын, бүгінде біраз өнер өкілдерімен тығыз шығармашылық байланыста екенін айтады. Бірақ «әншінің де әншісі болады» деген ол, сөз сұрап келгеннің бәрімен бірдей жұмыс істей бермейді екен.

"Енді өзің жазған сөзіңді кім көрінген айтып тұрғанын ешкім қаламайды ғой мысалы. Мен қаламаймын өзім жазған әнді қазақша білмейтін, не айтып тұрғанын білмейтін әншілердің айтқанын", - деген ақын қаражат қысқанда таңдауды шетке ысырып қоятынын да жасырмады.

«Мен де бала-шаға асырауым керек қой», - деді ол.

Бүгінде студияға түнеп, жыр жазып жүрген ақын, жақында жаңа, жақсы әндер жарыққа шығатынын жеткізді.