13.03.2020, 16:40

«Коронавируста шекара жоқ»: қытайлық әнші коронавирусқа арнап бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Әнші өз туындысын індетпен бетпе-бет күрес жүргізіп жүрген ақ халатты жандарға арнаған.

Қытай әншісі коронавирус індетіне байланысты қазақша, қытайша орындалған бейнебаян жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Коронавируста шекара жоқ. Оны бір ғана мемлекет ауыздықтай алмайды. Әрі бірде-бір мелекет індеттен шет қалмайды...", - деген сөздер бар ән мәтінінде.

Қытай әншісі Линбао "Ақ халатты періште" атты әнді қазақша-қытайша орындап, оған әлеуметтік бейнеклип жасап таратты. Әнші өз туындысын індетпен бетпе-бет күрес жүргізіп жүрген ақ халатты жандарға арнаған.