Қайрат Нұртастың бас қаладағы концерті кейінге шегерілді, деп хабарлайды Shownews.kz.
Қайрат Нұртастың фанаттарына шұғыл жаңалық! Естеріңізде болса, әнші халықаралық әйелдер мерекесінде Алматы жұртшылығына ерекше кеш сыйлаған. Қайрат Нұртас дәл осы «Тартылыс күші» атты концертін 21 наурыз күні нұрсұлтандық тыңдармандарына да ұсынбақшы еді. Алайда президенттің соңғы мәлімдемесіне орай хитменнің бұл кеші кейінге қалдырылды. Өнер иесі тың ақпаратпен әлеуметтік желіде бөлісіп, әнсүйер қауымды құлағдар етті.
«21 наурыздағы «Тартылыс күші» атты ән кешім кейінге шегерілгенін хабарлаймын. Концерттің нақты өтетін күні алдағы уақытта белгілі болады», – деп жазды әнші.