$ 441.66  475.14  4.86

«Коронавирус нет, нет, нет!»: Марат Омаров «су жаңа әнді» орындап, қоғамдық ахуалға үн қосты (ВИДЕО)

13 наурызда қазақстандық үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Қазір олардың саны 6 адамға жетіп отыр.

Бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус Қазақстанның әншілерін де бейжай қалдырмаған секілді. Сөзімізге дәлел болсын, әйгілі әнші әрі композитор Марат Омаров короновирусқа арнап су жаңа әнді шырқады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Марат Омаровтың короновирус туралы әнді беріле шырқап отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда. Мәселен, Zhanserik Kerey деген аккаунтпен Facebook желісіне тіркелген азамат, Марат Омаровтың қасында бір жігіттің оған қосыла ән айтып тұрғаны түсірілген видеоны жариялады. 

Ән мәтініне құлақтүрсек, "Коронавирус - нет, нет, нет! Коронавирус - кет, кет, кет! Коронавирус - жақындама, жолама!", - деген жаңылтпашқа ұқсас ән мәтінін естуге болады. 

Тағы оқи отырыңыз: «Коронавируста шекара жоқ»: қытайлық әнші коронавирусқа арнап бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

 Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда қазақстандық үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Қазір олардың саны 6 адамға жетіп отыр. Ал, 6 адамның төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары