$ 444.22  476.38  4.82

«Сен үшін тағы айтам ән!»: Мырзахан Махановтың «Жігіттер» тобынан бөлек кеткені рас па? (ВИДЕО)

Жақында ғана аталмыш топтың кенжесі өнердегі інісімен дуэт құрып, су жаңа клип түсірген.

Мырзахан су жаңа бейнеклиптің тұсауын кесті! Бірақ, бұл жолы "Жігіттермен" емес, деп хабарлайды Shownews.kz.

Осыдан он бес жыл бұрын отандық эстрадаға дүмпу әкелген “Жігіттер” ұжымының жұмысында бәсеңсу байқалады. Бүгінде Бағлан кітап сатып жүр, Айдар қыздарды ұзатуда. Ал, Ердос ел алдына шығуды сиретсе, Мырзахан жас әншілермен шығармашылық бірлестік орнатқан. Жақында ғана аталмыш топтың кенжесі өнердегі інісімен дуэт құрып, су жаңа клип түсірген.

“Сен үшін тағы айтам ән!” Қос әншінің бірлесе түсірген бейнебаяны дәл осылай аталады. Екі жастың махаббат хикаясын суреттейтін видео, аздаған уақыт ішінде бірнеше мың қаралым жинап үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары