17.03.2020, 09:30

Ділназ Ахмадиева тұңғышын дүниеге әкелді (ФОТО)

Екеуміздің махаббатымыздың нәтижесі - сәбиім.

Танымал әнші Ділназ Ахмадиева тұңғышын босанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол дүниеге ұл әкелгенін сүйіншілеп, Instagram-парақшасына құттықтап жатқандарға алғысын жеткізді.

"Құттықтауларыңызға рахмет! Сәбиіміз енді ҚР азаматы. Құттықтауларды әлі қабылдаймыз. Екеуміздің махаббатымыздың нәтижесі - сәбиім", - деп жазды ол.