$ 514.65  544.6  5.17

«Бәрі жетіп жатыр»: әнші-актерлер халықты ауызбіршілікке шақырды (ВИДЕО)

Актрисалар Айнұр Ілиясова мен Бибігүл Сүйіншалина қол беріп немесе бет сүйіп амандаспауға кеңес берген.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бірқатар отандық әртістердің төтенше жағдайға қатысты елді сабырға, тәртіпке шақырған видеоларын жариялады.

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев мұндай сындарлы сәтте ауызбіршілік керек екенін атап өткен.

«Ардақты ағайындар, аты жаман вирустың қаупі өте күшті болып тұр. Дегенмен, бұл сынақтан да біздің ел аман-есен өтеді деп ойлаймын. Өйткені, бізге ағайынның амандығы өте қажет. Бір-бірімізді ойлайық. Жоғарыдан айтылып жатқан кеңестерге мұқият құлақ түрейік. Ең бастысы - ауызбіршілік, түсіністікпен бұл вирустан аттап өтейік», - деді М. Беспаев.

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек медициналық маска тағып, қолды жиі жууға шақырады.

«Елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Бәрі жетіп жатыр. Тек мемлекет айтқан шараларды орындасақ жағдай дұрыс болады», - дейді ол.

Актрисалар Айнұр Ілиясова мен Бибігүл Сүйіншалина қол беріп немесе бет сүйіп амандаспауға кеңес берген.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шоу-бизнес