"Қазақтың қара баласы" деп әндетіп жүрген белгілі әнші Нұржан Керменбаев қызды болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші отбасындағы жақсы жаңалық жайлы әлеуметтік желіде жазды.
"Аллаға шүкір қызды болдық. Елдегі соңғы қайғылы жаңалықтардан шаршаған шығарсыздар!? Ленталарыңызға қуанышты хабарыммен бөліскенді жөн көрдім. Жақсылыққа толы жаңалықтарымыз көп болғай. Жыларымды, не күлерімді білмей отырмын. Есімін кім деп қояйық? Медина? Тасним?", - деп instagram парақшасында жазған Нұржан Керменбаевты желі арқылы құттықтаушылардың қарасы қалың.
Тіпті, оқырмандары мен тыңдармандары "Сәбиіңіздің бауы берік болсын!" деп ақ тілектерін толассыз жаудыруда. Оған қоса, желі белсенділері әнші ұсынған қыз балаға арналған екі есімнің бірін таңдап, "естіген құлақ есебін берер" дегендей өз таңдауларын жасады.