Карантиндегі жұлдыздардың бірі Димаш Құдайбергенов жаңа образымен тыңдармандарын таңғалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Димаштың Instagram-парақшасына жүктеген суретінен сақал өсіргенін аңғаруға болады.
"Карантин style! Уайымдамаңыздар, бұл уақытша", - деп әзілдеді Димаш жазбасында.
Карантин кезінде сақал өсірушілердің қатарында әлемге танымал актер Джим Керри де бар. Челленджді бастаған да осы актер болатын.
"Барлығымыз жұмысқа оралғанша сақал өсіремін. Суретімді желіге саламын. Мен әрқашан жұрттың назарында болдым. Енді жаңа бір нәрсе жасап көруге тырысамын. Маған қосылыңыз!", - деп жазды ол.